М.Әуезов атындағы жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі

930

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілуі мүмкін. "Ашық" НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында осындай ұсыныс жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

М.Әуезов атындағы жоғары оқу орнына зерттеу университеті мәртебесі беріледі Фото: auezov.edu.kz

"М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамына зерттеу университеті мәртебесі берілсін.

Оқу орнын зерттеу университетіне айналдыру және ЖОО-да жаңа инновациялық зерттеу экожүйесін құру ғылыми-зерттеу қызметін қарқындатуды және дамытуды, басым даму бағыттарын кадрлық қамтамасыз етуді және университеттің ғылыми-білім беру қызметін инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді түбегейлі өзгертуді қажет етеді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, сапалы білім беру "Білімді ұлт" ұлттық жобасының, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының, "Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасының және басқа да бағдарламалық құжаттардың басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылатын болады", - деп көрсетілген Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған жағдайды талдау құжатында.

Оқу орнына зерттеу мәртебесін беру негізінде онда халықаралық еңбек нарығының талаптарына сай келетін қос дипломды білім бағдарламасы әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу