М.Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды

471

Қаңтар оқиғасындағы әрекетсіздігі үшін 12 жылға сотталған экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектанов, сот үкіміне шағым түсірді.

М.Бектановтың ісі апелляциялық алқаға жолданды Фото: gazeta.ru

Бұл туралы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттан хабарлады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, ал істі , енді әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы қарайды. Мұрат Бектанов, былтыр 19-шы ақпанда Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Сол күні Бас прокуратура үстінен қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске сала кетсек, 2022 жылғы 20 ақпанда Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 2023 жылдың 24 ақпанында, бұрынғы Қорғаныс министрі 12 жылға бас бостандығынан айрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу