М.Козачковтың тұтқындалуына байланысты Ақорданың мәлімдемесі: журналистің заңды құқығы сақталуға тиіс

558

Журналист Михаил Козачковтың ұсталғанына қатысты бірқатар медиа қоғамдастық өкілі Президенттің атына үндеу жолдады.  

М.Козачковтың тұтқындалуына байланысты Ақорданың мәлімдемесі: журналистің заңды құқығы сақталуға тиіс Фото: Тұрар Қазанғапов

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Осыған байланысты бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өту қажет. Бас прокуратура тергеудің заңдылығын қадағалауды қамтамасыз етуге және заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті түсініктемелер беруге міндетті", - деп жазды Руслан Желдібай.

Сондай-ақ Қазақстан азаматы ретінде ұсталған журналистің барлық заңды құқығы толық сақталуға тиіс екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты ұстады. Михаил Козачков Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.

Сондай-ақ Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Михаил Козачковтың ұсталуына байланысты жағдайдың министрліктің жіті бақылауында екенін жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу