Әуежай құрылысына пайдаланылған шыны, керамикалық плиткалар, санфаянс және басқа да материалдар өз елімізде шығарылған.
Халықаралық әуежай терминалын облыстық құрылыс компаниялары салған. Терминалдың аумағы 10 мың шаршы метр. Жолаушылардың орташа ағыны жылына 600 мың адамға жетеді. Әуежайдың жаңа терминалы IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) халықаралық стандарттарына сәйкес.
Айта кетерлігі, биыл наурыз айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен Орал қаласындағы әуежайға Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың есімі берілген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу