М. Помпеоны күтіп алған дипломаттар протоколға сай киінбеуінің себебін түсіндірді

1024

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны спорттық күрте мен құлақшын киіп күтіп аламыз деп сөзге қалған дипломаттар сынның орынды екенін айтты.  

М. Помпеоны күтіп алған дипломаттар протоколға сай киінбеуінің себебін түсіндірді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев та сол делегацияның құрамында болған, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуынша, 2 қаңтарда ауа райы өте суық болыпты. Сондықтан министрлік қызметкерлері құрметті қонақты күтіп алуға барынша жылы киініп барған. Сондай-ақ қолдарын қалталарына салып тұрған. Енді дипломат ел назары ресми кездесуге емес, сәніне ауып кеткеніне қапалы.

Дегенмен, фейсбук қолданушыларының қызу талқылауы басылар емес. Дипломаттар протоколды сақтамады, өздерін такси жүргізушісі сияқты көрсетті деп, келемеж суреттер таратып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу