Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы сатылды

1902

Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы сатылды

"Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ-ның еншілес компаниясы "М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясы" АҚ 10 250 999 999 теңгеге сатылды, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Электрондық аукцион www.gosreestr.kz алаңында өтті. Оған қатысушылар үшін кепілдік жарна 72 150 000 теңгені құрады.

Жоғары оқу орны көлік-коммуникация кешені, оның ішінде темір жол (қалалық электр көлігі мен метрополитен) және автомобиль көлігі, ақпараттық технологиялар, қаржы-экономика салалары үшін маман даярлайды. Сатып алу-сату шартына сәйкес компанияның жаңа қожайыны оның жұмыс бағытын, активті сатып алған уақыттан бастап 5 жыл ішінде академиялық мамандардың санын сақтауға тиіс.

"Самұрық-Қазына" АҚ жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 215 активті бәсекелестік ортаға шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу