"Mad MEN" тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды

1212

Қылмыстық топ құрамында 10 адам болған. 

"Mad MEN" тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылды

Осыдан дәл бір ай бұрын Алматы полициясы тұрақты есірткі желісін жойған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Кейін жедел тұтқындау шараларының бейнежазбасы тарады. Желі қолданушылары Q pop бағытындағы музыкалық топ мүшелерін бірден таныған. 

Қылмыстық топ құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Топты – 1994 жылы туған Х. есімді ер адам басқарған.

"Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы қызметкерлерінің көзіне Х. есімді ер адам 2020 жылдың қыркүйегінде түскен. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бір жыл бойы Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан. Х. есімді ер адам және оның көмекшілерінің қылмыстық әрекеттері ресми түрде құжатталды. Оның әр көмекшісінің рөлдері нақты тағайындалған. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берді, олардың бірі қыз бала, екі жас жігіт – кассирлер, өтінімдер қабылдауға және есірткіні қойып кететіндерге жауап берді, тағы төрт ер адам – есірткі қоюшылар, қаланың Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жүрген", – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Осы істі тергеу барысында оның қатысушылары ҚР ҚК-нің 262-бабы, 1-бөлігі мен 2-бөлігінде көзделген ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша айып тағылуда. Күдіктілер соттың мақұлдауымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу