Мадагаскар президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталды

855

Оларға мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндірді деген айып тағылмақ.  

Мадагаскар президентіне қастандық жасамақ болғандар ұсталды

Мадагаскар президенті Андри Радзуэлин мен бірнеше жергілікті шенеунікке қастандық жасамақшы болған Францияның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Олар отставкадағы екі әскери болып шықты. Біріншісі – франко-малагасий. Екіншісі – Бесінші республиканың тумасы. Соңғысы Мадагаскардан Францияға ұшпақ болған жерінен қамауға алынды.

"Бізде бар ақпаратқа бойынша, бұл адамдар Мадагаскардың бірнеше қайраткерін, соның ішінде мемлекет басшысын өлтіруді жоспарлаған", – деді Мадагаскардың бас прокуроры.

Ұсталғандарға мемлекеттік қауіпсіздікке қауіп төндірді деген айып тағылмақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу