Made in Almaty: өнімдер халықаралық нарықта сұранысқа ие

252

Қытай нарығына шығу бойынша ірі экспорттық келісімдер жасалды.  

Made in Almaty: өнімдер халықаралық нарықта сұранысқа ие Фото: Bes.media

Алматы – еліміздің негізгі өнеркәсіптік орталықтарының бірі. Қалада азық-түлік және тұтыну тауарларын шығаратын 80-нен астам ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Алматылық өнімдер ішкі нарықпен қатар шетелде де жоғары сұранысқа ие. Өндірісті дамыту және жергілікті брендтерді қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

2025 жылы "Made in Almaty" бренді Шанхайда өткен China International Import Expo көрмесінде ұсынылды. Оған мегаполистің 10 кәсіпорны қатысты.

Көрме нәтижесінде Қытай нарығына өнім жеткізу бойынша 10 млрд теңгеден астам экспорттық келісімдер жасалды. Шетелдік серіктестер алматылық өнімдердің сапасы мен ассортиментіне жоғары баға берді.

Бүгінде "Made in Almaty" бренді отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін белгі ретінде танылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу