Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

689

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы кәсіпкерден пара алды деген күдік бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мәліметінше, басқарма басшысы кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін пара алуы әбден мүмкін. Күдіктіге қатысты соңғы шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, тергеу нәтижелері бойынша қабылданады. Тергеудің өтіп жатқанына байланысты басқа деректер айтылған жоқ.

Бейресми деректер бойынша, күдікке ілінген басқарма басшысы мен жолдасы қамауға алынып, кейін босатылды. Әзірше бұған қатысты ресми мәлімет жоқ.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу