Мәдениет қорының жұмысына волонтерлер тартылады

1524

Президент ұшқыр ойлы жастарға қолдау көрсетілетінін айтты. 

Мәдениет қорының жұмысына волонтерлер тартылады Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығармашылық бастамаларды қолдау мақсатында Мәдениет қорын ашу туралы тапсырма бергенін мәлімдеді. 

"Бұл құрылым – шығармашылық одақтарға, әлеуетті жобаларға қаржылық және басқа да бағытта көмек береді. Қордың жұмысына волонтерлерді де тарту қажет. Олар музей, кітапхана, өнер мекемелерінде өздерінің жобаларын жүзеге асыра алады. Осы шаралар еліміздің шығармашылық әлеуетін нығайтуға мол мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы волонтерлердің Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсесінде сөйлеген сөзінде. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, волонтерлер еліміздің рухани әлеуетін арттыруға үлес қосуға тиіс. 

"Мәдениетімізді дамытпай, өсіп-өркендеу мүмкін емес. Сондықтан осы мәселеге ерекше мән беруіміз қажет. Қазіргі таңда мәдениет және өнер саласында жас таланттардың арқасында Қазақстан күллі әлемге танылып келеді. Біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек. Яғни ойы ұшқыр әрі дарынды азаматтарды барынша қолдау қажет. Сонда ғана төл мәдениетімізді жаңа белеске көтеретін буын қалыптасады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу