Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өседі

4009

ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өседі

Министрдің айтуынша, келер жылдан мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 40 пайызға өседі. Яғни, театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың теңге, ал, кітапхана, музей және архив қызметкерлерінің еңбекақысы 164 мың теңге болады.

Сөз барысында министр қазір еліміздегі ең төменгі жалақы мәдениет қызметкерлерінікі екенін атап өтті. Ал, саланың дамуы үшін мамандардың әлеуметтік жағдайы жоғары болғаны маңызды. Сондықтан, ұлттың өнері мен руханиятына еңбек сіңіріп жүрген мәдениет қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау арта беретінін жеткізді.

"Мәдениет пен өнер қызметкерлерінің жағдайын көтеру жоспарымыздың бір тармағы ғана. Қазір әлеуметтік жеңілдіктер мәселесі пысықталып жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі меморандумдар әзірлеп, әкімдіктерге жіберді. Оларды орындау үшін әлеуметтік қолдау шараларын, оның ішінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуды қамтитын салалық жоспарлар бекітілетін болады. Жастардың тұрғын үй алуы үшін 3 миллион 700 мың теңгенің көлеміндегі бюджеттік несие беріледі", – деді ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу