Мәдениет министрі 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасын ұсынды

787

Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды. 

Мәдениет министрі 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасын ұсынды Фото: Егемен Қазақстан

Жаңадан 345 мәдениет нысанын салу және жұмыс істеп тұрған 1420 мәдени нысанды жөндеу, Қазақстан мәдениетінің элементтерін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енгізу, "Қазақфильм" киностудиясын жаңғырту, музей қорларын цифрландыру, жалпыға қолжетімді мемлекеттік кітапханаларды көпфункционалды білім беру-ағарту орталықтарына айналдыру және басқа да маңызды жобалар.

Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне Қазақстан Республикасынан 10 нысан енгізілген. 2025 жылға қарай олардың санын 16 бірлікке дейін арттыру жоспарда бар. Қырғыз Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп "Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі" сериялық трансұлттық номинациясын дайындау және ілгерілету бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Оның шеңберінде Ұлы Жібек жолы бойындағы 6 нысанды: Сығанақ, Сауран, Ясы, Отырар, Жанкент қалашықтары мен Жетіасар оазисінің ескерткіштерін ЮНЕСКО тізіміне енгізу жоспарланып отыр.

Инфрақұрылым дамиды. Мәселен, 2030 жылға дейін жаңадан 345 нысан салынып, жұмыс істеп тұрған 1420 мәдени нысан жөнделеді. Ал мәдениет үйлері көпфункционалды орталықтарға айналады, онда халықтың, әсіресе балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасалады, деп жазды министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу