Мәдениет министрлігі шенеуніктерінің не үшін ұсталғаны анықталды

1274

Мәдени ведомствоның жоғары лауазымды шенеуніктері елордадағы мейрамханалардың біріндегі кездесу кезінде тұтқындалған.

Мәдениет министрлігі шенеуніктерінің не үшін ұсталғаны анықталды

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Астанада ақпарат құралдары өкілдерін жиып, мәдениет саласына жетекшілік еткен лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу барысына қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды abctv.kz.

Ведомствоның мәліметінше, мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы 6 миллион теңге кепіл төлеп, сотқа дейін уақытша босап шыққан.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен әкімшілік департаментінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар мердігер компанияның басшысынан пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл пара мемлекеттік сатып алу келісімін бекіту және жалпылай қамқорлыққа алу үшін сұралған", – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас хатшысы Жанна Бастарова.

Оның мәліметінше, сот шешімімен департамент директоры үй қамағына алынған.

"Ал министрліктің жауапты хатшысына қатысты 6 миллион теңге көлемінде кепіл белгіленді. Сонымен қатар, ол атқарып отырған лауазымынан қуылды. Қазіргі кезде тергеу жалғасуда", – деді агенттік өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу