Мәдениет министрлігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын коронавируспен күреске аударды

733

Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел халқына үндеу жолдап, барша азаматтарды коронавируспен күреске шақырған болатын.  

Мәдениет министрлігінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын коронавируспен күреске аударды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын коронавируспен күреске көмек ретінде аударды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Қазір коронавирус індеті дүниежүзін теңселтіп тұр. Талай сындарлы сәттен, қиналған шақтан елдегі ауызбіршілік пен татулықтың арқасында аман-есен шықтық. Бұл сынақтан да мұқалмай, шыңдалып шығармыз!" – деп атап өтеді министрліктен.

Барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырғанын еске салады.

"Мәдениет және спорт министрлігі елде қолға алынып жатқан түрлі сақтық, алдын алу шараларына үн қосып, біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударды. Жұмыла көтеріп, талай жүкті жеңілдеткенбіз. Бұл жолы да сондай ауызбіршіліктен айнымайық", – дейді министрліктен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу