Мемлекеттік мүлікті жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға беру мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның құзыретінен алынып тасталады.
"Жобада мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға беруді алып тастау көзделеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға беру тәртібін айқындайтын болады", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.
Сонымен қатар, құжатты қабылдау мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін беруге қатысты өкілеттігін алып тастауға мүмкіндік береді.