Мәдениет саласындағы Тұңғыш Президент шәкіртақысы 2 есе өседі

97

Құжат "Ашық НҚА" порталына жарияланды.  

Мәдениет саласындағы Тұңғыш Президент шәкіртақысы 2 есе өседі Фото: mantiya.kz

Тұңғыш президенттің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы екі есе өседі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" президент жарлығына өзгеріс енгізу туралы жоба әзірлеген.

"Құжат жобасы 55 еселенген айлық есептік көрсеткішті (232 925 теңге) 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (465 850 теңге) өзгертуді көздейді", – делінген жоба сипаттамасында.

Құжат 2026 жылдың 18 мамырына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу