Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар саясатын дамыту жөнінде шаралар қабылдауда

310

Биыл желтоқсан айында қазақстандық жастардың 19 өкілі "Дарын" мемлекеттік сыйлығына ие болса, 30 белсенді жас "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпазы атанды.  

Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар саясатын дамыту жөнінде шаралар қабылдауда Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысының жастар саясатын дамыту жөніндегі тапсырмалары мен реформаларын орындау бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2023 жылы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Аталған заңның негізгі новеллаларының бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту болатын. Нәтижесінде жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 1,5 есеге артты.

Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Негізгі мақсат - жастарды қолдаудың қолданыстағы шараларын жетілдіру, заманауи тетіктерді енгізу арқылы олардың тиімділігін арттыру, қоғамдық ортаға бейімдеу.

Биыл желтоқсан айында қазақстандық жастардың 19 өкілі "Дарын" мемлекеттік сыйлығына ие болса, 30 белсенді жас "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының жеңімпазы атанды.

Алдағы уақытта прогрессивті жастарды қолдау және ынталандыру шаралары күшейетін болады.

Жастар саясаты бағыты бойынша халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында елімізде және шетелде халықаралық көшпелі іс-шаралар ұйымдастырылды. Осы орайда Қазақстан мен Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасында ынтымақтастық және бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу