Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар тағайындаулар орын алды

277

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  

Мәдениет және ақпарат министрлігінде бірқатар тағайындаулар орын алды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Евгений Кочетов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

  • 1988 жылы Астана қаласында дүниеге келген.
  • Қазақ гуманитарлық заң университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
  • 2009-2013 жылдар аралығында "Жас Отан" ЖҚ және "Нұр Отан" ХДП орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы, консультант болып жұмыс істеді.
  • Әр жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
  • 2016 жылы "Қазконтент" АҚ Kaztube.kz видеопорталының жетекшісі болып тағайындалды.
  • 2016-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.
  • 2017-2018 жылдары — "Қазконтент" АҚ басқарма төрағасы.
  • 2018-2019 жылдары "Нұр Отан" партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2019-2020 жылдары — "Рухани Жаңғыру" КЕАҚ қазақстандық қоғамдық даму институты басқарма төрағасының кеңесшісі.
  • 2020-2023 жылдары — "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қорының бас директоры.
  • 2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

  • 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
  • Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы әуендері" МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.
  • 2007-2009 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК домбыра тобының әртісі.
  • 2009-2013 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ-де оқытушы, аға оқытушы.
  • 2013-2018 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК бас дирижері.
  • 2018-2023 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ ректоры.
  • 2023 жылғы мамыр-шілде аралығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
  • 2023 жылдың шілдесінен бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

  • 1982 жылы Шымкент қаласында туған.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
  • Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қ. Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.
  • Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.
  • 2012-2021 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 2021-2023 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.
  • 2023 жылдың қаңтарынан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Данияр Қадыров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

  • 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
  • Еңбек жолын 1999 жылы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
  • 2000-2004 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің құрылымында түрлі қызметтерде жұмыс істеген.
  • 2004-2005 жылдары — ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары; Жастар және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы.
  • 2005-2007 жылдары — Степногорск қаласы әкімінің орынбасары.
  • 2007 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
  • 2007-2013 жылдары — ҚР Моңғолиядағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.
  • 2013-2015 жылдары — ҚР Түрікменстандағы елшілігінің кеңесші-уәкілі.
  • 2015-2019 жылдары — "ҚР телерадио хабарларын тарату операторларының қауымдастығы" ЗТБ атқарушы директоры.
  • 2019-2022 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
  • 2022 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу