Мәдениет және өнер қайраткерлері "Халықтың Ата Заңы" атты әнді шырқады

103

"Халықтың Ата Заңы" – бұл ел Конституциясын құрметтеген халықтық бастама гимні.    

Мәдениет және өнер қайраткерлері "Халықтың Ата Заңы" атты әнді шырқады Фото: Видеодан скриншот

Жаңа Конституцияны қолдайтын халықтық әнұран жазылды.

"Халықтың Ата Заңы" атты ортақ әнді қазақстандық белгілі әртістер бірге шырқады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Гимн сөзін – Арман Манарбекұлы, әнін Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев және Ренат Гайсин жазған.                                                Жобаға қатысқандар: Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және аты аңызға айналған Роза Рымбаева.

Шабыт берер бұл музыка – еліміздің тұтас мақтанышы: керемет спорттық жеңістер, ғылым, робототехника, медицина және білім саласындағы жетістіктер, Қазақстанның сұлу табиғаты және қоғамымыздың даму серпіні туралы жырлайды.

Мәдениет қайраткерлерінің үні XXI ғасырдағы Қазақстанның тұрақтылығы, бірлігі және орнықты дамуы жайында жаңғырып тұрғандай.

Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу