Атап айтқанда, биыл Қазақ ұлттық өнер университетіне 275 мемлекеттік білім гранты бөлінбек. Оның 204-і қазақ тілінде оқитын студенттер үшін. Аталған оқу орнына бөлінген гранттар:
- музыка мұғалімдерін даярлау – 8;
- орындаушылық өнер – 116; - режиссура, арт-менеджмент – 19;
- дирижирлік мамандық – 15; - театр өнері – 24;
- бейнелеу өнері – 28.
Мүгедектігі бар адамдар үшін оқуға үш бағыт бойынша квота қарастырылған. Сондай-ақ ұлты қазақ, бірақ өзге ел азаматы болып табылатын студенттерге – 12, жетім балаларға – 3, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін – 15, толық емес отбасылардан шыққан студенттерге – 3 квота бөлінбек. Барлығы – 40 квота.
Ал Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында биыл мемлекеттік грант бойынша – 260, квота бойынша – 40 қазақстандық оқи алады. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алуға ниетті жастар үшін - 219 грант және 31 квота бөлінбек.
Халықаралық туризм және меймандостық университеті мемлекеттік грант шеңберінде 87 дене шынықтыру мұғалімін даярламақ. Бұған қоса, аталған жоғары оқу орнына 13 квота бөлінген.
Сондай-ақ министрлік бұйрығының жобасында магистратура және докторантура бағыттары бойынша гранттар қарастырылған. Бұйрықты ашық талқылау 15 тамызға дейін жалғасады.