Мәдениет және спорт министрлігі бөліне ме?

1055

Мәдениет және спорт министрлігін бөлу мәселесін жоғарыдағы басшылық шешеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

Мәдениет және спорт министрлігі бөліне ме?

"БАҚ-тан (мәдениет және спорт салаларын бөлу мәселесін – автор) бұл мәселе туралы оқыдық. Ондай ұсыныстар болды. Оны басшыларымыз шешеді. Бұл Мемлекет басшысының қарауындағы мәселе. Сондықтан бұл мәселе бойынша жауапты жоғарыдағы басшылықтан күтеміз", - деді вице-министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, мұндай бастама қазақстандық спортшылардың Токио Олимпиадасы сәтсіз өнер көрсетуінен туындаған. Дүбірлі додада олар 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға ие болды.

Биыл Токио Олимпиадасы 23 шілде – 8 тамыз аралығында өткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу