Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

972

Министрлікте дзюдошы Еркебұлан Канафиннің денсаулығына қатысты ақпарат жоқ.

Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

Мәдениет және спорт министрлігі Бразлияда өтіп жатқан дүбірлі додаға спортшыны заңсыз жолмен апарғаны үшін ұлттық сурдлимпиа комитетін ресми түрде сотқа беретінін мәлімдейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кеше Қазақстан құрамасы сурдлимпиадада алғаш рет "алтын" жеңіп алды. Ел қоржынына медальді дзюдошы Еркебұлан Канафин салды. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі Сурдлимпиада комитеті Қазақстан заңына қарамастан бірқатар спортшыны, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарды деген пікірде.

"Қанафин Еркебұлан бұрын есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ", - деп жазылған хабарламада. 

Бұған қарамастан ұлттық сурдлимпиа комитеті Еркебұлан Канафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанның беделіне әлемдік спорт қоғамдастығының алдында нұқсан келтірді және спорттық этикалық қағидаларды бұзған.

"Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрама команданың тізімін қалыптастыру кезінде 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сурдо дзюдодан Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ел чемпионы Айдос Түгелбаевты енгізген.
Министрлік ұлттық сурдлимпиада комитетінің үстінен арнайы сот органдарына шағым түсіретінін ресми түрде мәлімдейді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Бразилияда өтіп жатқан жазғы сурдлимпиадаға 59 қазақстандық спортшы қатысып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу