Экс-Мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

565

Мәжілістің бұрынғы депутаты Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына ие болды. 

Экс-Мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды Фото: instagram.com/madi_akhmet

Алматы облысы әкімінің өкімімен Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол әр жылдары "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі Менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ, Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде жұмыс істеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу