Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

631

Мәди Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Мәди Төкешұлы Тәкиев ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz

Мәди Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы қ., Алматы облысы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012–2013 жылдары — ҚР қаржы министрлігінің салық комитетінің басқарма басшысы.

2013–2014 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

2014 жылы ҚР премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап — ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу