Мәди Тәкиев қызметінен босатылды

539

Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәди Тәкиев қызметінен босатылды Фото: gov.kz

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "іскерлік әкімшілдендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1998-2012 жж. – Алматы қаласы бойынша салық департаментінде жұмыс істеген.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің салық комитеті басқармасының бастығы.

2013-2014 ж. – Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 ж. – Қазақстан Премьер-министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі.

2014-2017 жж. – Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019 жылдың 12 наурызынан – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі қызметінде болды.

2020 жылы қыркүйекте Президент Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу