Мәдина Әбілқасымова қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтты

907

Мәдина Әбілқасымова қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтты

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Шелек ауылындағы орталық аурухана аумағында қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өкінішке қарай, үш адам қаза тапты. Біз марқұмдардың отбасына көңіл айтамыз. Жазатайым оқиғаның алдын ала себебі – кәріз газынан улану", — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Әбілқасымова оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. 

"Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу жүргізу мерзімі 10 күнді құрайды. Тергеу қорытындысы бойынша біз жазатайым оқиғаның себептері туралы хабарлайтын боламыз", — деді ол. 

Еске сала кетсек, 2 шілде күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының жергілікті ауруханасында төтенше жағдай болды. Кәріз құдығын тазалау кезінде құбыр жарылып, салдарынан үш адам газдан уланған. 1967 жылы туған сантехник оқиға орнында көз жұмды, 1969 жылғы сантехник пен 1988 жылы туған травматолог дәрігер жансақтау бөліміне түсіп, олар да кейінірек жан тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу