Мәдина Әбілқасымова Сбермен мәмілеге қатысы түсініктеме берді

662

Банкке капитал салынбайды, себебі қаржылық жағдайы тұрақты.

Мәдина Әбілқасымова Сбермен мәмілеге қатысы түсініктеме берді

Мәжіліс кулуарында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова "Бәйтерек" холдингінің Сбермен жасаған мәмілесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Банктің жағдайы тұрақты. Әзірге мәміленің параметрлерін жария ете алмаймыз. Банк толығымен тұрақты, төлемге қабілетті. Менің ойымша, олар (мәміле жасаушылар) жақында анық-қанығын айтады", - деді Әбілқасымова.

Оның айтуынша, банкке капитал салынбайды, өйткені қаржылық жағынан тұрақты.

"Оның (банктің) капиталы жеткілікті жағдайда және ол төлемге қабілетті. Оның несие портфелінің және өтімді активтерінің сапасы дұрыс. Менің ойымша, банкті сатудың негізгі себебі - Сбербанкпен операциялар жасауға мүмкіндік беретін Бас лицензиясының 12 қазанда мерзімі аяқталады",- дейді агенттік төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу