Мәдина Ерланқызын іздестіру кезінде бала тістерінің іздері бар жүгері табылды

918

Қостанай облысында бес жасар Мәдина Ерланқызын іздестіру барысында балалардың тістерінің ізі қалған жүгері шоғы табылды, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігі.  

Мәдина Ерланқызын іздестіру кезінде бала тістерінің іздері бар жүгері табылды

"Кеше қызды көрген жүгері алқабында балалардың тістерінің ізі қалған жүгері сотасы табылды. Ол сараптамаға жіберілді", - делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 12-ден астам алқап әуеден, сегіз алқап жаяу тексерілген.

"Жолда полиция қызметкерлері су мен тамақ қалдырады. Ал қыз әлі анықталмаған. Игерілген аумақты ескере отырып, іздеу аймағы төрт бағытта кеңейіп келеді: 1) Жамбыл елді мекені – Тобыл өзені; 2) Алтын дала елді мекені; 3) Қостанай қаласы; 4) Самир елді мекені. Таңертең әуе патрульдері екі тікұшақ пен бір ұшақпен жүзеге асырылады. Олардың бірінде тепловизор бар. Тобыл өзенінің арнасын зерттеу жұмыстары да жалғасуда", - деді полициядағылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу