Мәдина Нұршаева Азия чемпионы атанды

1093

Мәдина Нұршаева Азия чемпионы атанды

Вьетнамның Хошимин қаласында өтіп жатқан қыздар арасындағы Азия чемпионатында Мәдина Нұршаева жеңіс тұғырына шықты, деп хабарлайды vesti.kz.

64 кг дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз финалда қытайлық боксшы Доу Данды жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Алдағы уақытта Валентина Хальзова финалда жұдырықтасатын болады.

Айта кетейік, кеше Назым Қызайбай (51 кг), Дариға Шәкімова (75 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) мен Ләззәт Күнгейбаева (+81 кг) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу