Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКаламен жекпе-жекке шығады

739

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.

Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКаламен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (11-0, 6 КО) қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

23 мамыр күні АҚШ-тың Аризона штатында өтетін бокс кешінде Мадияр Әшкеев америкалық Сесил МакКаламен жекпе-жекке шығады. Ол Кәсіпқой бокста 24 кездесу өткізіп, 21 кездесуде жеңсе, 3 кездесуде жеңілген. Бір айта кетерлігі қарсылас ешқашан нокаутқа түспеген. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев соңғы жекпе-жегінде пуэрториколық Луис Эрнандесты (16-6-0) жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу