Мадияр Қожахмет ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды

233

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мадияр Қожахмет ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Мадияр Дүйсенбайұлы Қожахмет ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды. 

Ол 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Чехия жаратылыстану ғылымдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастаған.

  • 2003-2008 жылдары – Чехия Республикасындағы Қазақстан жастар конгресінің бөлім, басқарма бастығы, орынбасары, атқарушы директоры, халықаралық өкілі.
  • 2008-2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар саясаты бағыты бойынша жұмыс істеді.
  • 2012-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімінің инспекторы.
  • 2014-2017 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.
  • 2019-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы.
  • 2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу