Мадридте дәрігерлер наразылық акциясына шықты

355

Наразылық білдіруші 10 мыңнан астам дәрігер Мадрид үкіметін "Денсаулық сақтау жүйесін әлсіретті" деп айыптайды.  

Мадридте дәрігерлер наразылық акциясына шықты Фото: REUTERS

Он мыңдаған медицина қызметкерлері Мадрид көшелеріне автономды қоғамдастық үкіметінің қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін әлсіреткенін алға тартып, көшеге шықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Ақ халатты абзал жандар қаланың орталық көшелерінде барабандар алып, ұрандап шеру өткізді.

Аймақтық Үкіметтің бағалауы бойынша, Испания астанасында "Ақ толқын" деп аталатын наразылық шеруіне 30 мыңға жуық адам қатысты. Акцияны ұйымдастырушылар Мадрид елдің ең бай аймақтарының бірі болғанымен, ең аз соманы жан басына шаққандағы алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жұмсайды деп санайды.

Соңғы жылдары әсіресе 2020 жылы COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейін, консервативті халықтық партия өкілі Исабель Диас Аюсо бастаған Мадрид Үкіметі ауруханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық орталықтардың нашар жұмыс жасауына байланысты қатты сынға ұшырады. Аюсо қызметкерлердің жетіспеушілігін жоққа шығарады және наразылықтар мен ереуілдерді солшыл партиялар 2023 жылғы муниципалдық және аймақтық сайлау қарсаңында ұйымдастырады деп мәлімдейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу