Мадуро Гайананың бір бөлігін Венесуэлаға қосу туралы жарлықтарға қол қойды

442

Капитан Алексис Родригес Кабельо жаңа штаттың басшысы болып тағайындалды.  

Мадуро Гайананың бір бөлігін Венесуэлаға қосу туралы жарлықтарға қол қойды Фото: Reuters

Венесуэла президенті Николас Мадуро даулы Гайана-Эссекибо аумағын Венесуэлаға қосу туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бірінші жарлық Эссекибоны қорғау үшін Ұлттық комиссия құруға бағытталған, екіншісі бойынша Гайана-Эссекибо кешенді қорғаныс аймағы құрылмақ. Сонымен қатар, Мадуро Венесуэланың Гайана CVG — CVG Esequibo корпорациясының PDVSA — PDVSA Esequibo мемлекеттік мұнай-газ компаниясының бөлімшелерін құру туралы жарлыққа қол қойды.

Венесуэла басшысы сонымен қатар Гайана-Эссекибо аумағын қамтитын жаңа картаны бекітіп, Капитан Алексис Родригес Кабельоны жаңа штаттың басшысы етіп тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу