“МАЭК” кәсіпорнын жөндеуге Үкімет резервінен 4,9 млрд. теңге бөлінді

415

Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі қабылдады.

“МАЭК” кәсіпорнын жөндеуге Үкімет резервінен 4,9 млрд. теңге бөлінді Фото: “МАЭК” ЖШС

Маңғыстау облысы әкімдігінің сұрау салуы бойынша МАЭК-ке жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Үкіметінің резервінен шамамен 4,9 млрд.теңге сомасында қаражат бөлінді. Қаржыландыру тізбесін "МАЭК" ЖШС ұсынған қажетті қосалқы жабдықтар мен тораптарды (компоненттерді) сатып алуға бөлінген.

Авариялық жағдайдағы құрамдас бөліктерді ауыстыру жабдықтың техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін қолдауға және электр станцияларының генерациялаушы жабдықтарын ажырату және тұтынушылар үшін шектеулер енгізу тәуекелдерін барынша азайта отырып, пайдалану кезінде олардың сенімділігі мен қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін МАЭК-пен Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша энергетикалық кәсіпорындардың жұмысында жүйелі кемшіліктер анықталған болатын. Болашақта мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет бірқатар шұғыл және жүйелі шаралар қабылдайды.

"Олардың қатарында "МАЭК" ЖШС жаңғырту және реконструкциялау, Батыс энергетикалық аймағын күшейту, АМӨЗ — ді тұрақты сыртқы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және сол жерде өзінің энергетикалық көзін салу, батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен байланыстыру және т.б. бар",-делінген арнайы хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу