"МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп" мекемесі сатыла ма?

1248

Ақтауда теңіз суын тұшытып, пайдалануға беріп отырған "МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп" мекемесі сатылмайды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп" мекемесі сатыла ма?

Өңір басшысы, аталған мекеме қала үшін маңызды екенін атап өтті.

"МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп" мекемесі сатылады деген ақпаратты бірінші рет естіп отырмын. Менде "мекеме сатылымға шығарылады" деген ақпарат жоқ. "МАЭК-ҚазАтомөнеркәсіп" – Ақтаудың жүрегі. Компания қаланы тоқ, жылумен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан оған жан-жақты қолдау көрсетеміз", - деді Серікбай Тұрымов.

Облыс әкімі Ақтаудағы су, жылу, тоқтың бағасын тұрақты ұстап тұру үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.

"Аталған мекеме Энергетика министрлігіне қарайды. Сондықтан оған жергілікті әкімдік, үкімет, министрліктен де жан-жақты қолдау болады", - деді өңір басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу