"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" мекемесіне айыппұл салынды

819

Ақтау қаласы мен оған іргелес ауылдарды су, жылу және электр қуатымен қамтитын "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-і қызметінде заң бұзушылықтар анықталды.

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" мекемесіне айыппұл салынды

Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті Энергетика министрлігі бастаған аудит нәтижесінде аталмыш компанияға қатысты әкімшілік іс қозғап, айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Монополист мекеме екі жыл бойы жеке кәсіпкерге өз қызметтерін жеке тұлғалардың тарифімен бағалап келгені белгілі болды. Қазір бұл дерек бойынша, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіпке" 2,3 миллион теңге айыппұл салынды.

Маңғыстау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Салимовтің айтуынша, Табиғи монополиялар туралы заңның 26-бабына сәйкес, табиғи монополия субъектілері осы заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп, көрсетілетін қызметті ұсынуы міндетті. Оны орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Сол бойынша департамент "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Қазіргі таңда айыппұл толық төленді.                                                                                   

Алмас Қылыш                                                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу