"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" серіктестігі Маңғыстау әкімдігінің меншігіне өтті

759

Іргелі кәсіпорынның кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы қаулысы жарияланды.  

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" серіктестігі Маңғыстау әкімдігінің меншігіне өтті

Онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4 тармақшасына сәйкес, Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп Мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекеттік мүліктің бір түрінен екінші түріне бекіту танылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

1."МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-і "Маңғыстау атом электр станциясы” ЖШС болып қайта аталатын болды.

2. Серіктестіктің мемлекеттік үлесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншіктен 100 пайыз Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауға міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу