"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" серіктестігінің жұмысшылары Президентке үндеу жолдады

479

Ақтау қаласындағы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС қызметкерлері әділдік сұрап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеөтініш жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.    

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" серіктестігінің жұмысшылары Президентке үндеу жолдады Фото: inbusiness.kz

Энергокомбинат жұмысшылары әлеуметтік жағдайларын жақсартуға көмектесуді және "Ынтымақ" кәсіподақ ұйымының қызметін қолдауды сұрады. Олардың айтуынша, кәсіподақ мүшелеріне құзырлы органдар мен кәсіпорын басшылығы тарапынан қысым көбейген. Өйткені жалақыны көбейту, штат кестесін өзгертуді талап етіп наразылыққа шыққандар қыспаққа ұшыраған.

"Біздің кәәсіпорында басшылардың өз туыстарын жұмысқа орналастыру жағдайы белең алып барады. Соның салдарынан тәжірибелі қызметкерлер басқа жерге ауысуға мәжбүр. МАЭК - ерекше, қайталанбас әдістермен жұмыс істейтін мекеме. Білікті мамандардың азаюы кәсіпорын жұмысын күйретеді. Күрделі технологияны аз уақытта игеріп кету қиын", - дейді жұмысшылар.

Наразы топ бұдан басқа біліксіз мамандарға 800 мың теңгеге дейін жалақы беріп, мерекелік, тоқсандық сыйақыларды жақындарымен өзара бөлісу басшы тарапынан әділетсіздік деп сөздерін түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу