"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің басшыларына төленген қомақты сыйақы мөлшері көпшілікті шошытты

807

Ақтау қаласындағы "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің сыйақы көлемі туралы құжаты әлеуметтік желілерге тарап кетті.  

"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-нің басшыларына төленген қомақты сыйақы мөлшері көпшілікті шошытты Фото: inbusiness.kz

Онда бас директордың орынбасарлары 1 млн 200 мың теңгеге жуық, бөлім басшылары 500 мың теңгеден астам  сыйақы алғаны көрсетілген. Мұндай ақпаратты көрген кәсіпорын жұмысшылары аң-таң. Бірнеше рет наразылыққа шығып, жалақыларын көтеруді талап еткендерге небәрі 15 мың теңге сыйақы төленіп келген көрінеді. Мұндай мәлімет халық арасында қызу талқыланып, қоғам назарын аудартты.

Сондықтан да сыйақы төлеу мәселесін түсіндіріп кәсіпорын атынан ресми түсініктеме жасалды.

"2022 жылдың ақпан айында еңбек арбитражының шешімі негізінде өндірістік персоналдың жалақысын 30% арттыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде серіктестіктің еңбекақы тарифтік жүйесіндегі біркелкілік бұзылып, өндірістік бөлімше экономистерінің жалақысы Әкімшілік басқармасындағы әріптестерінің еңбекақысынан асып түсті. Биыл кәсіпорын әкімшілігінің жекелеген қызметкерлері еңбек қажеттілігіне байланысты жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мереке күндері де жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оған басқармадағы білікті мамандардың жұмыстан кетуі себеп.  Оларға артық істеген жұмыс уақыттары үшін қосымша еңбекақы төленген жоқ. Бірақ біржолғы сыйақы беру туралы шешім қабылдады. Үстеме жұмыстары үшін төлем ҚР қолданысындағы заңнамаға сәйкес жүргізілгендігін айтқымыз келеді",- делінеді хабарламада.

Жақында 3 тоқсанының қорытындысы бойынша серіктестіктің өндірістік қызметкерлері ғана сыйақы алған. Серіктестік басшылығы артық жұмыс уақытына тартылған басқарма қызметкерлеріне сыйақыны  бос лауазымдар есебінен шығындарды үнемдеу арқылы жүзеге асырғанын алға тартты.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу