"МАЭК"-те жылуға жаңа тариф бекітілді

482

Бекітілген тариф 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

"МАЭК"-те жылуға жаңа тариф бекітілді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "МАЭК" ЖШС-нің жылу энергиясына жаңа тарифін бекітті.

"Серіктестіктің 2023-2024 жылдарға арналған "Жылу энергиясын өндіру және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифі мен тарифтік сметаларын бекіту туралы" 23.08.2023 жылғы бұйрығының негізінде стратегиялық тауарларға бағалардың өзгеруіне байланысты, жылу энергиясын өндіру және жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері бекітілгені туралы хабарлайды. 1 қыркүйектен тарифті қолданысқа енгізеді", - деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 11 тамызында жылу энергиясына тарифті көтеру тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. "МАЭК" ЖШС жылу энергиясы тарифтерінің жаңа жобасын ұсынды. Кәсіпорын кестесіне сәйкес жылу энергиясының құны екі есеге артады.

Бұған дейін "МАЭК" ЖШС жылына екінші рет жылу энергиясына тарифті көтеруге өтінім бергені хабарланған болатын. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап кәсіпорын Ақтаудағы су мен жылу тарифтерінің өсуін бекітті.

2023 жылдың тамызында үш энергоблок орналасқан 3-ші MAЭK станциясында апат болды. Салдарынан шаһар жарықсыз қалды.                                                                                                                                                                                                             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу