Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апат салдарынан "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ" қандай шығынға ұшырады? Бұл сұраққа ұлттық компания Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Әзірге Атырау мұнай өңдеу зауыты бойынша шамамен 6,6 млрд теңге деп бағаланып отыр. Бірақ осы барлық өндірістік көрсеткішке келесі кезеңдерде қол жеткіземіз. Бүгінде тиісті бағалауды жүргізіп отырған комиссия жұмыс істеп жатыр", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.
Еске салайық, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АИ-95 бензинінің жетіспеушілігіне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу