Энергокомбинат биыл тауарлық газ сатып алуға 40 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр. Конкурсты өткізу туралы ақпарат осы жылдың 23 ақпанында Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған. Оған қатысуға өтінімдерді қабылдау 28 наурызда аяқталады.
Серіктестік барлығы 2 102 570 мың текше метр тауарлық газ сатып алуға мүдделі. Үш лот бойынша жарияланған байқауда қаражат сомасы бір жылға есептелген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында "МАЭК" мекемесі Маңғыстау облысы әкімдігінің меншігіне берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу