"Кәсіпорын облыстық әкімдіктің коммуналдық меншігіне берілген соң, энергетикалық жабдықтарға техникалық аудит жүргізіледі. Тәулігіне 24 мың текше метр су тұщытатын қондырғы құрылысына жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына берілді. Бу-газ қондырғысының құрылысы электр энергиясы қуатына арналған жеке инвестициялық тариф арқылы іске асырылмақ. Бүгінде ҚР Энергетика министрлігімен инвестициялық келісімдер жасақталды", - дейді басқарма басшысы.
Енді арнайы комиссия құрылып, оған энергетика саласының ардагерлері тартылмақ. Қазір кәсіпорын жабдықтарының 80% астамы тозған. Кәсіпорынды дамыту бағдарламасы дайындалып, сала ардагерлері мен басқа өңірлерден де білікті мамандар жұмылдырылмақ. Ақтаудың жылу желілерін қайта жаңғырту да басым бағыттардың қатарында тұр. Өйткені жылу желілерінің тозуы 88% құрайды. 9 блокты қазандық орнату электр станциясына түсетін жүктемені азайтпақ.