Оны облыс әкімі Нұрлан Ноғаев серіктестік ұжымына таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұрынғы басшы Талғат Есентүгелов өз еркімен жұмыстан кеткен.
Жаңа басшының алдында "МАЭК" ұжымымен бірлесіп кәсіпорынды жаңғырту, өңірді ауыз сумен, жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін жұмысты үйлестіру міндеті тұр.
Жасұлан Сүйіншәлиев Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университетін бітірген.
Бұған дейін ол "Каспий Жылу су Арнасы" МКК директоры, "ҚазНИСА" АҚ Бас директорының кеңесшісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ҰЭМ Құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқару комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас сарапшысы, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің сәулет, жобалау жұмыстары және сметалық нормалар департаменті басшысы және басқа да қызметтерді атқарған.
Тасым Жаңай