Өйткені, тұщытатын су қоры жетпей кейбір ауылдар мен Ақтаудың шағын аудандарында су тапшылығы бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, "МАЭК" ЖШС-і, өңірдің төтенше жағдайлар департаментімен, Ақтау және Мұнайлы ауданының коммуналдық қызметтерімен бірлесіп жылу электр орталығында су арнасын жылыту бойынша жұмыстар жүргізді.
"Арна еріген соң теңіз суының деңгейі екі метрден астам көтерілді. "Каспий" су тұщыту зауыты штаттық режимде жұмыс істейді және Мұнайлы және Қарақия аудандарының тұтынушыларын қажетті мөлшерде ауыз сумен қамтамасыз етеді. Тұрғындардан сабыр сақтауды сұраймыз", - делінген басқарма таратқан хабарламада.
Айта кетейік, қала тұрғындары әлеуметтік желілерде "МАЭК" су арнасы қатып қалғандықтан, үйге су жинау керек деп тараған еді. Кейінірек Каспийдегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жиналатын каналға мұз қатқаны белгілі болды.