"МАЭК" ЖШС жаңа дистилляциялық су тұщыту қондырғысын орнатады

443

Су тұщыту қондырғыларын өндірумен айналысатын IDE Technologies Group компаниясы Маңғыстауда тағы бір жобаны жүзеге асырмақ.  

"МАЭК" ЖШС жаңа дистилляциялық су тұщыту қондырғысын орнатады Фото: inbusiness.kz

Бұл компания 2008 жылы "МАЭК" ЖШС аумағында қуаты 12 000 текше метр болатын екі су тұщыту қондырғысын орнатқан еді. Енді энергокомбинатқа қуаттылығы тәулігіне 24 000 текше метр болатын қосымша қондырғылар салады. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптаманың қарауына өтті.

Ақтау қаласы мен оған жақын елді мекендердің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар, оның ішінде "МАЭК" ЖШС жаңғыртумен байланысты шаралар қабылдау қажет. Өткені өңірде суға деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Оған себеп- Маңғыстау облысының қарқынды дамуы.  Сондықтан өңір тұрғындары үшін су өндіру мен беру көлемін ұлғайту қажет. Мәселен, Ақтаудың іргесіндегі Мұнайлы ауданының өзіне тәулігіне 35 мың текше метр тіршілік нәрі керек. Сарапшылар халық саны мен кәсіпорындардың өсуін ескере отырып, 2025 жылға қарай Маңғыстау облысында тапшылық тәулігіне 95 мың текше метрге жетуі мүмкін деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу