"МАЭК" ЖШС: жөндеу жұмыстарына 9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды

491

Бұл қаражат "МАЭК" ЖШС 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде күрделі және ағымдағы жөндеулерді орындау үшін жұмсалған.  

"МАЭК" ЖШС: жөндеу жұмыстарына 9 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды Фото: inbusiness.kz

Кәсіпорынның негізгі құрал-жабдығы өткен ғасырдың 60-90 жылдары пайдалануға берілді. Содан бері жабдықтардың үштен бірінің қызмет ету мерзімі өтіп кеткен. Құралдардың 81%-ы тозған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі

Өңірде жыл сайын энергия көзін тұтыну артып барады. Оған халық санының өсуі және жаппай құрылыс жұмыстарының жүруі себеп. Екі жыл бойы күрделі де, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қаржыландыру кәсіпорын есебінен жүргізілді.

"Техникалық ақаулардың көбеюіне қазандық агрегаттарының қыздыру беттері, ағын бөлігі, конденсаторлық қондырғылардың жылу алмасу түтіктерінің және т.б. тозуы әсер етуде. Типтік және типтік емес күрделі жөндеулерді жүргізу жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ең ұтымды шешім - ескірген және пайдалану мерзімі өткен құралдарды  неғұрлым үнемді және жетілдірілген заманауи жабдыққа ауыстыру", - делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Қазір серіктестік электр қуаты нарығын дамыту мақсатында Экономика министрлігімен кәсіпорынды жаңғырту, реконструкциялау, кеңейту және жаңарту үшін инвестициялық келісімге қол қойылғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "МАЭК" мәселесін шешу және энергия комбинатын жаңғыртуға 127 млрд теңгеге 6 нысан салу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу