"Маған ештеңе істей алмайды": Алматыда заңды елемеген жүргізуші жауапқа тартылды

195

Алматыда жол ережесін бұзғанын әлеуметтік желіде ашық көрсетіп, жауапкершіліктен қорықпайтынын мәлімдеген жүргізуші әйел анықталды, inbusiness.kz сайты.

"Маған ештеңе істей алмайды": Алматыда заңды елемеген жүргізуші жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Полиция оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Әлеуметтік желіде тараған видеода әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны және бұл талапты орындаудан бас тартқаны көрінеді.

Полиция тексеру барысында бұдан да елеулі заң бұзушылықтарды анықтады. Белгілі болғандай, әйел бұған дейін сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылған. Соған қарамастан, ол қайтадан көлік тізгініне отырған.

Осы деректер бойынша оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал толтырылды. Атап айтқанда, көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның рөлге отыруы, қауіпсіздік белдігін тақпау, сот шешімін орындамау және жалған ақпарат тарату фактілері тіркелді.

Жиналған материалдар соттың қарауына жіберілді. Ал автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Бұдан бөлек, көлік жүргізу құқығынан айырылған әйелге автокөлігін берген көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң талаптары баршаға бірдей екенін еске салды. Қызметтік байланыс, таныстық немесе әлеуметтік желідегі мәлімдемелер ешкімді жауапкершіліктен босатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу