"Маған мұндай сұрақтармен келмеңдер": Тұрлыханов зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіргісі келмеді

1609

Депутат мұндай сұрақтарды қисынсыз деп атады.

"Маған мұндай сұрақтармен келмеңдер": Тұрлыханов зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдіргісі келмеді Фото: sports.kz

ҚР Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Мәжіліс кулуарында тілшілер депутатқа отбасындағы қызды ұрып-соққан жігіттерге ата-ананың мінез-құлқы әсер ете ме деген сауал қойды.

"Не қалайсыз? Қалай ойлайсыз? Қалай қарайсыз? Маған енді мұндай сұрақтармен келмеңіз. Бұл түсініксіз сұрақ. Балаларға қойыңыз бұл сұрақтарды", деді Дәулет Тұрлыханов.

Депутаттар бұл мәселені талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салғанын баса айтты.

Айта кетейік, қазан айының соңында Дәулет Тұрлыхановтың жиені, әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жыққаны белгілі болды. Жәбірленушімен татуласуына байланысты іс тоқтатылды. Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қазан айында ерлі-зайыптылар Анна Димитриевич пен Олег Черновты ұрып-соққаны үшін 500 АЕК (1 миллион 725 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу